Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

«Nur Otan» партиясы атынан Жарма аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Бірлік ауылы тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудандық партияның алдағы 5 жылға межелеген жоспарлы жұмыстары тұрғындардың көңілінен шығып, көптеген көкейкесті мәселелер, ауылдардың ахуалын арттыру ісі сайлауалды бағдарламада қамтылғандығын атап өтті. Ауыл шаруашылығы өріс алып келе жатқан ауыл тұрғындары, ауыл халқының жыл санап әлеуеті артып, тұрмысы тұрақтанып келе жатқандығын көшбасшы партияның жұмысымен байланыстырып, алдағы сайлауда бір кісідей дауыс беретіндіктерін жеткізді. Бұл егемен еліміздің қалыптасуы жылдарында халық үдесінен шығып келе жатқан жалпы «Nur Otan» партиясының үйлескен жұмысының нәтижесі. Кездесуде көтерілген жекелеген мәселелер де назарға алынды.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді - Yvision.kz