Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымыз жалғасып жатыр. Сенімді өкілім Ануар Бимағамбет бүгін Маңғыстаудың табиғи ұлутасын кесіп, арнайы қаптама құрылыс өнімдерін шығарумен шұғылданып жүрген жеке кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты. "Фасад Аглай" атауымен өнім өндіруші кәсіпкердің жұмысын бастағанына бір жылдан енді асқан. Жеке кәсіпкер С. Жұбанов ақшұқырлық 6 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің арманы, жоспары көп. Цехқа дейін жол, газ секілді инфрақұрылыммен қамтылса екен деп тілейді. Сонымен бірге жергілікті өндірушілердің өнімін мемлекеттік сатып алу, кейбір үлкен азаматтық ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды салғанда өз өнімдерін техникалық талаптарға арнайы қосқанын қалайды. Жергілікті кәсіпкерлікке үлкен қолдау болар еді деп үміттенеді. Әбіш аға Кекілбайұлы бір еңбегінде " Маңғыстау- Ұлы Тетис мұхитының табаны. Миллиондаған жылдар бойы жиналған органикалық шөгінділердің бай кеніші, ұлутастарды арзан құрылыс тасы ретінде тұрпайы тұтына бермей, оны өңдеп, замануи сәулет бұйымдарына айналдырғанда ғана табиғатқа да тиімді, адамзатқа да құнды болар еді"-деген мазмұнда ақыл айтқан болатын. Нарықта Аглай атанып кеткен бұл материал "ақ лай" деген кавказдық өндіріс орнының атауы, неге өз затымызды өз атымен атамасқа дейді, намысқой кәсіпкер. Оның өнімдерін көрші облыстар да тапсырыс беріп, алдыруда. Кәсіпкерлікті қолдау "Нұр Отан" партиясының алдағы 5 жылдық кешенді жоспарында да қамтылғаны түсіндірілді. Отандық өнім өндіруші сайлауға қатысып, өз таңдауын жасайтынын, сол арқылы қоғамның дамуына үлес қосарын айтты.

“Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!”

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
169

Осы тақырып бойынша

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда - Yvision.kz