Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары.
Бүгін де сайлауалды үгіт насихат жұмыстары аясында облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Арылбек Қораласбаев сайлаушылар үйінде болып, үгіт жұмыстарын жүргізді. «Есіктен есікке» акция форматында өткен кездесуде кандидат А.Қораласбаев елдегі саяси күштердің көшбасында тұрған "Nur Otan" партиясының тəуелсіздік алған жылдардың алғашқы сəттерінен бастап елдің экономикасы мен əлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келе жатқанын айтып, саяси додада қолдау білдіруге шақырды. Кездесуде ауыл ақсақалдары үміткерлерге батасын беріп, жеңіс тіледі.


