Сайлауалды бағдарламасын аясында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер өкілдерімен кездесу
"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР парламенті мәжіліс депутаттығына үміткер Джурумбетова Ұлжанат Серікбайқызы және Аудандық мәжіліс депутаттығына үміткерлер Д.Мусаев және Қ.Умарова "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер өкілдерімен ZOOM платформасында кездесті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер өкілдеріне партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Алдағы 5 жылда партияның сайлауалды бағдарламасында, медициналық саланы дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бағытында ауданда атқарылатын шаруаларға тоқталды. Сонымен қатар сайлаушыларды 10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Қатысушылар тарапынан, түрлі ұсыныс-пікірлер түсіп, үміткер өз тарапынан назарға алды.
