Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева, Кеңес Әуен, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Жанат Тоғайбекова, Марина Лимаренко, Данияр Юнусалиев «Үміткерге сұрақ қой» іс-шарасына қатысты. Онлайн өткен кездесуде сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
