Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаева, Данияр Юнусалиев Қарашық ауылының тұрғындарымен кездесті. Әрбір үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.
Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.
Құрметті сайлаушылар!
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
