Сайлауалды бағдарламаны насихаттады
"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Баймахан Сүлейменов, Жанат Тоғайбекова, Мұрат Садуов ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирге шығып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты насихаттап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
