Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлау учаскесіне келіп, әр қазақстандықтың БАҚЫТЫ МЕН БАҚУАТТЫЛЫҒЫ үшін дауыс бер!

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А.Б. Тукбаева мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Ж. Мангишев Шашубай кенті тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Ақтоғай ауданын және нақты Шашубай кентін дамыту Бағдарламасына сәйкес «NurOtan» партиясының Сайлауалды Бағдарламасымен таныстырылды. Бұл - нақты адамдарға арналған, біздің жерлестерімізге арналған нақты іс-әрекеттер. Кездесудің қатысушылары өздерінің сөздерінде бұл ауылдастардың өмір сүру көрсеткіштерін жақсартуға арналған нақты бағдарлама екенін қадап айтты. Шашубай кенті тірек кенті ретінде даму әлеуеті жоғары болып саналады. Бұл, сонымен қатар, едәур жайлы өмір сүру жағдайын құруға және ауыл мен қала арасындағы көші-қон үдерісіне оң ықпалын тигізеді. Қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді. Кездесуге келген үш адамның сұрағы, атап айтқанда, мүгедек балалары бар аналардың, төрт баласын тәрбиелеп отырған жұмыссыз қалған әкенің сұрақтары үміткер А.Б. Тукбаеваның қарауына алынды.

Партиялықтардың сайлауалды уақытындағы жергілікті халықпен өткізген кездесулері ауылдық территорияларды дамытуға жаңа серпін береді: адамдардың сөз мен пікірлері – шынайы «тыңдай білетін мемлекет», бұл - белгілі бір азаматтардан алынған кері байланыс болып табылады, бұл міндетті түрде еліміздің экономикасында оң көрініс береді.

«NurOtan» партиясы келесі жолдар арқылы 7 млн.ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға үмітті:

• ауыл инфрақұрылымдарын жаңғырту;

• 7 мың шақырымнан астам жолды жөндеу және кент ішіндегі көшелерді салу;

• өмірмен қамтамасыз етудің инженерлік желілерін салу және жөндеу;

• 100% сапалы ауызсумен қамтамасыз ету;

• білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінің құрылысын жүргізу және қалпына келтіру;

• 130 мың жаңа жұмыс орнын ашу.

2021 жылдың 10 қаңтарында ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫНЫҢ САЙЛАУЫ өтеді! Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды көрсет! Сайлау учаскесіне келіп, әр қазақстандықтың БАҚЫТЫ МЕН БАҚУАТТЫЛЫҒЫ үшін дауыс бер!

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

ПОСТ С ФБ

Осы тақырып бойынша

Сайлау учаскесіне келіп, әр қазақстандықтың БАҚЫТЫ МЕН БАҚУАТТЫЛЫҒЫ үшін дауыс бер! - Yvision.kz