Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлау – маңызды саяси науқан

Аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін партия мүшелерімен онлайн кездесу өткізіп, ашық сұхбат алаңын құрды.

Кездесуде алда келе жатқан саяси науқан – сайлаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, екі жақ өзара пікір алмасты.

– Сайлау – еліміздің ертеңін айқындайтын қоғамдағы ауқымды шара. Ол – мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады, үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды және мемлекеттің қызметіне қоғамдық бақылау жасауына мүмкіндік береді. Мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат оның өтуіне өз үлесін қосып, қатысуы керек – деген мәслихат депутаты саяси науқанның қоғам үшін маңыздылығын түсіндірді. Қатысушылар да өздерінің сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды.

0
0
132

Осы тақырып бойынша

Сайлау – маңызды саяси науқан - Yvision.kz