Сайлау алдындағы үгіт - насихат жұмыстарына аудан жастары да белсенді қолдау көрсетуде.
Сайлау алдындағы үгіт - насихат жұмыстарына аудан жастары да белсенді қолдау көрсетуде. Белсенді жастар халықты партияның маңызды жұмыстарымен таныстырып, əлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырып жəне үнпарақтар таратуды жүзеге асыруда. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Қанат Арыстанбеков ауданның белсенді жастарымен онлайн кездесу өткізді. Кандидаттар еліміздің ертеңгі күні дамып, озық елдер қатарынан көрінуі жастардың қолында екендігін , партия тарапынан көрсетіліп жатқан жұмыстар мен жастарға қолдаулар туралы ой бөлісіп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Партияның сенімді қанатына айналған жастарға алдағы сайлау науқанында оң шешіп таңдайтындарына сенім артты. Соңында жеңіс биігінен бірге көрінуге тілек білдірді.


