Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарымен облыстық мәслихатқа үміткер жергілікті тұрғындармен кездесті

24.12.2020ж. Бүгін сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарымен облыстық мәслихатқа үміткер М.Байжанов жергілікті тұрғындармен кездесті.Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аудан, облыс көлемінде осы күнге дейін атқарған және алдағы бес жылдықта атқарар бағдарламасымен таныстырды. Жалпы, жиналған жұрт біздің Партияның жұмыс барысына ризашылықтарын білдірді. Сөз алған акылдық округтегі түрлі Қоғамдық Кеңестің мүшелері «Nur Otan» жарқын болашақтың, нақты істердің, халықтың ой-пікірін тыңдап, қол үшін беретін, еліміздің берекесі мен әлеуетін арттыратын партия екенін жарыса айтып, партия жұмысына оң бағаларын берді.

“Nur Otan”партиясының партиялық тізіміне облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген М.Байжанов та өз тарапынан айтылған тілектерге алғысын білдіре отыра, тұрғындардың Партияға тапсырған тапсырмаларын, мейлінше орындалуына ат салысатынын айтып өтті.Қорыта келгенде, Партия қолдаушылары алдағы сайлауға бір адамдай қатысып, өздерінің дұрыс таңдауларын жасайтындарын мәлімдеді #NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

Осы тақырып бойынша

Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарымен облыстық мәслихатқа үміткер жергілікті тұрғындармен кездесті - Yvision.kz