Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті.

Бүгін "Қару аманаты" саябағында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті. Іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасарлары, түрлі мекеме басшылары мен жастар өкілдері қатысты.

Айта кетелік, жиналған көпшілік саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым қылды.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеген Арыстанбеков: "Өткен ғасырда халқымыз аса ауыр қасіретке толы кезеңді басынан кешіргенін жақсы білесіздер. Ашаршылықтың ауыр зардабын бастан өткерген қазақ халқы сталиндік қанды террор мен репрессияның тауқіметін де жаппай сезінді. Жазықсыз жазаланып, шейіт болған азаматтарымыздың есімдері жадымыздан мәңгі өшпейді",—деп сөз сөйледі

М-С.Бабажанов атындағы мектептің директоры,тарихшы Жұбан Ғұмаров азалы күннің тарихынан сыр шертсе, кітапхана қызметкері Орынгүл Маралова өлең оқыды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеген Арыстанбеков аудан жұртшылығы атынан ескерткішке гүл шоқтарын қойса, бас имам Қуандық Насыров кеңестік жүйені құрбаны болған ата-бабалар рухына құран бағыштады.

0
0
235

Осы тақырып бойынша