Саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды
Конференцияны аудандық филиал төрағасы Құрмамбаев Ренат Тлеуханұлы ашты.
Жиынның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) «Nur Otan» партиясы Ұлан аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы қызметі туралы есебі
2) «Nur Otan» партиясы Ұлан аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
3) «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XXV конференциясына делегаттарды сайлау.
Сонымен қатар конференция барысында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін тексеру және бақылауды қамтамасыз ету бойынша партиялық бақылауды күшейту, мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша жұмысты белсенді жалғастыру сынды мәселелер айтылды.
«Халық пен мемлекет арасында тиімді кері байланыс орнату қажет. Партияның филиалының жаңа саяси кеңесінің құрамында жастар өкілдері, қоғамдық пікірдің көшбасшылары, әйелдер қауымы арнайы еңгізіліп отыр»- деп атап өтті партияның аудандық филиалының төрағасы Р.Т. Құрмамбаев.
