Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді

Бүгін ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXIV-шы конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі Азамат Сафималиев ашып, жүргізіп отырды. Онлайн өткен жиында партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары туралы есеп тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды. Сонымен қатар партия аумақтық филиалының Саяси кеңесі мен партияның облыстық аймақтық филиалының конференциясына қатысатын делегаттар сайланды. Дәлірек айтсақ, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиал төрағасы А.Сафималиев, аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығы директорының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты С.Ізбасова, ветеринарлық стансаның басшысы Б.Ғұбашев, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Б.Ықсанов, «Алтын ұя» балабақшасының директоры Ғ.Елемесова, кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Е.Елемесов, жастармен жұмыс жөнінде ресурстық орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты М.Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Т.Қадимов, демалыс орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Б.Қарақұлов, Қамысты ауылдық мәдениет үйінің директоры, аудандық мәслихат депутаты С.Кенжеәлиева, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев, аудандық мемлекеттік архивтің басшысы Г.Қауденова, аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының оқытушысы Е.Сағадатов, электр торабының басшысы, аудандық мәслихат депутаты М.Хаби, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Р.Шагирова «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Саяси кеңестің жаңа мүшелері болып бекітілді.

Онлайн түрде өткен басқосуды аудан басшысы Азамат Сафималиұлы қорытындылады.

0
0
143

Осы тақырып бойынша