Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қорытындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың 24 қарашасында «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық маслихат депутаты, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Л.Жубанышкалиева және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Ғазез аудандық жастарымен кездесті. Кездесу барысында күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қорытындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсынбалардың назарға алынатындығы айтылды
