Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қорытындылары
2021 жылдың 25 қарашасында «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Л.Жубанышкалиева және Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапхалар жүйесінің директоры А.Дүйсенова, «Камен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Б.Хабидашева, «Камен» бастауыш партия ұйымына қарасты аудандық кітапхана, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, спорт клуб және мәдениет үйі ұжымымен кездесті. Кездесу барысында күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қорытындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
