Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2021 жылдың 26 қарашасында «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты,ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Люция Жубанышкалиева және «Білім» бастауыш партия ұйымының төрайымы Бибигуль Батырова, «Білім» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
