Отырысқа "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов және Саяси кеңесі Бюросының мүшелері қатысты.
Отырыс барысында бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы қорытынды. Сондай-ақ өткен жылғы облыстық филиал бюджетінің атқарылуы жөніндегі "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунковтың есебі тыңдалды.
2021 жылға арналған бюджет пен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының "Nur Otan" партиясының бірінші жартыжылдыққа арналған қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.
Филиал жанындағы "Денсаулық сақтау", "Жастарды қолдау", "Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау", "Индустриялық-инновациялық даму", "Мемлекеттік қызметтер көрсету", "Аграрлық сектор" бағыттары бойынша комиссиялардың құрамына, Партиялық бақылау комиссиясына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңеске, "MIRAS" өңірлік кеңесіне, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.