Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Жаңақала аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Қ.Қарағойшин төрағалық етті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 10 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Жаңақала аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.
«Nur Otan» партиясына бөлінген 10 мандатты төмендегі кандидаттар иеленді.
1. Кубесова Оразкул Үсіпбекқызы.
2. Бигалиев Тимур Қуанұлы.
3. Еслямғалиев Альберт Темірболатұлы.
4. Гумаров Жанболат Жасқайратұлы.
5. Батырова Жанар Сәкенқызы.
6. Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлы.
7. Жардемова Зара Қаирғалиқызы.
8. Рысқалиев Оралбек Альбертұлы.
9. Закарин Дархан Амірханұлы.
10.Қожахметова Лариса Тұрарқызы.
