Саяси Кеңесі Бюросының отырысы
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлының төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды.
1.«Nur Otan» партиясынан Қаратөбе аудандық мәслихатындағы депутаттың бос орнына партиялық резервтік тізімнен үміткерді ұсыну туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов хабарлама жасады. Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаттығының бос мандаты партиялық кадрлық резервтік тізіміндегі «Nur Otan» партиясының мүшесі Тлеуғалиева Гүлмира Кеңесқызының кандидатурасын ұсыну туралы Саяси Кеңесінің Бюросының қаулысы қабылданды.
