Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде
📷 «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
📷 «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы ауданымыздың сайлауалды бағдарламасындағы көрсетілген бағыттарға тоқталып. Жол картасы бойынша жасақталған іс-шараларды түсіндіріп, орындалу жолдарымен бюро мүшелерін таныстырды. Партияның осы бағдарламасындағы көрсетілген жұмыстардың орындалуын тиісті мекеме басшыларымен бюро мүшелеріне жүктеді.
Екінші мәселе бойынша фракцияның жұмыс жоспары таныстырылды. Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша қаулы қабылданып бекітілді.
