Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде:
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған мақсаттар шеңберінде депутаттық өкілеттік кезеңінде алдағы бес жылда атқарылуы тиіс міндеттер белгіленіп, осы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары іске асыру нәтижесінде аудан экономикасы одан әрі нығайып, бірқатар өзекті мәселелер оң шешілетін болады және аудан тұрғындарының хал-жағдайы жақсара түспек. Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша қаулы қабылданып бекітілді.