ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы қаулысымен 10 кандидат тізімі бекітілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Зайсан аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы қаулысымен 10 кандидат тізімі бекітіліп, жетінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатына депутат ретінде тіркеу үшін Зайсан аудандық сайлау комиссиясына жолданды.
Жаңадан сайланған депутаттық фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламаның орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған құрамның 30%-ын әйелдер, 20%-ын жастар құрайды