Саяси кеңес мүшелері мен қандастарымыздың кездесуі өтті
Аталмыш басқосуға «Сайрам Өркениет» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Саяси кеңесінің мүшесі Жадыра Танатарова қатысты.
Бәрімізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге оралған азаматтарды «оралман» деуден бастартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деп қадап айтқан болатын. Бүгінде қандас –жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтарына берілген атау.
