Саяси кеңес мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлермен кездесті.
Саяси кеңес мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ауданымыздағы ардагерлермен кездесті. Кездесу барысында бүгінгі таңда зейнет ақысын уақытылы алып жатқаны және басқа да мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер талқыланды. Аудан ардагерлері барлық мемлекет тарапынан жеңілдіктер алып жатқанын, зейнет ақылары уақытылы түсетінін айтып аудан басшылығына рахметтерін айтты. Үнемі ақсақалдардың және ақ жаулықты аналардың басын қосып, болып жатқан қиындықтарды ортаға салып талқылап жүреді деп «Nur Otan» партиясына алғысын білдірді.
