Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Саяси бюро отырысында

Бүгін «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қ.Айтмұхамбетовтың төралығымен саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандық кезекті XXVII конференцияны шақыру туралы, өткізілетін күні, конференцияның күн тәртібі және аймақтық конференцияға делигаттар сайлау жөніндегі квота бекітілді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының аудандық«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердін төрағалары мен құрамын бекітіп, шешімдер қабылданды.

Саяси кеңес бюросы аудандық филиалдың кезекті XXVII конференциясын 28 сәуір сағат 11.00-де онлайн форматта өткізу жөнінде шешім қабылдап, күн тәртібін бекітті. Оған әрбір бастауыш партия ұйымдарынан 1 делегаттар қатысады. Сонымен қатар отырыста БПҰ жиналыстарының кестесі, филиал жанындағы қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді.

«Жайық таңы»

#жайықтаңы

0
0
168

Осы тақырып бойынша

Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. - Yvision.kz