ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

Саяси кеңес бюро отырысы өтті

Саяси кеңес бюро отырысы өтті.

“Nur Otan" партиясының жетістігі - мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етті. Осы табыстарымызды одан әрі жалғастыру мақсатында "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды. 15 ақпан күні “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюро отырысы онлайн форматта өтті. Маңызды шараға “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етті. Өткізілген отырыстың күн тәртібінде “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекіту және “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралып, бірауыздан мақұлданды.-"Nur Otan" партиясы кезекті сайлауалды бағдарламасын жариялай отырып, елімізді одан әрі өркендетуге, заңдылық пен тәртіпті сақтауға, уақытша қиындықты еңсеріп, халықтың әл-ауқатын күшейтуге жаңа жол салып отыр.Бүгінгі таңда “Nur Otan” партиясы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін бірқатар маңызды шаралар қабылдауда. Бұл бағыттарда партияның аудандық филиалы ретінде ауылдастарымызды толғандырып жүрген мәселелер де назардан тыс қалмайды.Басты мақсатымыз, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау- деп атап өтті “Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова.

“Nur Otan” партиясының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.