Саяси көзбояушылық

Қазақстандағы саяси партиялар жайлы не білесіз деген сұраққа жауап алып, өзімше сараптауға бел будым. Әрине, көпшілігінен Нұр Отанды жиі естідім. Бір жағынан таң қаларлықтай дәнеңе жоқ. Бірқатары Ауыл, Ақ жол дегенің ескерсек те, түйін біреу. Жұрт партия ретінде Нұр Отанды ғана біледі. Шыңына келер болсақ өзімнің де партиялар жайлы білімім асқақтап тұрған жоқ. Партиялардың қандай жұмыс атқаратындығынан да бейхабармын. Әйтеуір, концерт немесе қайырымдылық кешінің ұйымдастырылуы мынандай партияның көмегімен деген сөзді құлағымыз шалып қалатын жайымыз бар. Біздікілер басқаларын шала білсе де, Нұр Отанды білмеулері мүмкін емес. Көшеде жарнамадан, үйде теледидардан, ұялы телефоннан, арасында интернеттен көзімізге шалынантын бірдең- бір партия Нұр Отан. Шыңдықты айту шырық бұзу емес. Дегенмен, жұрттың Нұр Отаннан басқа партиялардан хабарсыз екені жалған емес. Демек, өзге партиялардың Нұр Отанның көлеңкесінде қалып қойғаны дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі уақытта билік көкжиегінде жалпы таңымал бес партияны атап шығуға болады. Олар: Нұр Отан, Ақжол, Ауыл, Бірлік, Коммунистер. Барлығы саяси көзбояушылық. Жасанды көппартиялық жүйе. Парламент қатарында үш партия болғанымен, билік құрылымында азшылықтың көпшілікке бағынатыны айдан анық. Өмір қағидасы да осы ережеден алшақ емес.
