Саясат Нұрбек бес жылда ғалымдар санын 34 мыңға дейін жеткізбек
Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің саны 21,6 мың адамды құрайды (2020 ж. – 22 665, 2019 ж. – 21 843). Оның 7 525-і жас ғалымдар, бұл жалпы ғалымдардың 35%-ын құрайды.
Сонымен бірге ведомство басшысы ғылыми мақалалар санын да көбейтуді көздейді.
Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҒЗИ санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды 150%-ға өсіру және 2025 жылы жабдықтарды 30%-ға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыру міндеті тұр.
"Сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың Халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және "ҒЗИ сапасы" көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған", – дейді Саясат Нұрбек.
