Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Саясат Нұрбек бес жылда ғалымдар санын 21 мыңнан 34 мыңға дейін жеткізбек

"Бізге жұмсалған қаражаттың тиімді қайтарымы қажет" деп нәтижеге жұмыс істеуге шақырады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін ғалымдар мен зерттеушілер санын 21,6 мыңнан 34 мыңға дейін жеткізуді өз алдына міндет қылып қойғанын айтады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім етті.

"Сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың Халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және "ҒЗИ сапасы" көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған", – дейді Саясат Нұрбек.

Ресми мәліметке қарағанда, жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін "Жас ғалым" жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулерге және постдокторантура үшін 1 037 грант бөлінді.

Жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінеді. 2021 жылы әлемдік ғылыми орталықтарға 400 ғалым жіберілді.

2020 жылдан бастап жыл сайын 50 "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығы тапсырылады.

0
0
313

Осы тақырып бойынша