Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сатып алу бағасын көтеру үшін жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуларын мониторингтеудің нәтижелері туралы» атты семинар-кеңес өтті

2017 жылдың 08 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспары аясында «Сатып алу бағасын көтеру үшін жергілікті мемлекеттік  органдардың мемлекеттік сатып алуларын мониторингтеудің нәтижелері туралы» атты семинар-кеңес өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Ж.Абдрахманов, БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.

Семинар-кеңестің жұмысы барысында «Мемлекеттік сатып алу салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау», «Мемлекеттік сатып алуға камеральды бақылау» және «БҚО мемлекеттік сатып алу бағасына мониторинг жүргізу» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Семинар шеңберінде қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

 
0
0
442

Осы тақырып бойынша

«Сатып алу бағасын көтеру үшін жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуларын мониторингтеудің нәтижелері туралы» атты семинар-кеңес өтті - Yvision.kz