Сарыөмір ауылында «Өзіңнен баста» тақырыбында ауыл тұрғындарымен жиын өтті
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміздегі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан ауданда бұл мәселеге ерекше назар аударылады. Бүгін Шалқар бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Мусинның төрағалығымен Сарыөмір ауылында «Өіңнен баста» тақырыбында ауыл тұрғындарымен жиын өтті. Бұл шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің алдын алу, ауыл тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікпен қарауды қалыптастыру.
Жиын барысында С.Мусин халықтың сана-сезімінде сыбайлас жемқорлық түсінігі дұрыс қалыптаспағанын ескерді. Мысал ретінде жол көлік полициясы тоқтата қалса, аздаған ақша ұсынып, жазадан оңай құтылып кетудің жолдарын іздейтіні нағыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа жататынын айтты. Бұл орайда, пара беруші де алушы секілді заң бұзушы болып саналатынын айтып, халық арасында кеңінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білуіміз керектігін жеткізді. Жиынды қорытындылай келе қазіргі уақытта кез-келген тұрғынға жол және әлеуметтік нысандар құрылысы, медицина, білім беру, мемлекеттік қызмет және басқа салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерін байқағанда пікірлерін ашық айтуға, жемқорлықтың алдын алуға септігімді тигіземін деуіне кедергі жоқ екенін айтып аяқтады.
#AMANAT
#AMANATpartiyasy
