Сарайшықтағы кездесу...
Сарайшықтағы кездесу...
Кеше бір топ депутатпен бірге «Сарайшық» коммуналдық базарына барып, қала тұрғындарымен алдағы сайлау және “Nur Otan” партиясының бағдарламасы туралы сөйлестік.
Базар сөрелерінде жергілікті шаруа қожалықтарының, көрші Батыс Қазақстан облысының өнімдері көбейгені қуантады.
Сатушылар және сатып алушылармен әңгімелесу барысында партияның саяси платформасының басты құндылықтары – еліміздің әр азаматына жақсы өмір сүру үшін жағдай жасау, еркіндікті қамтамасыз ету, заңның ұлықтылығы, әділдік, ниеттестік, болашаққа бағдар, отбасын қолдау туралы сөз еттік.
Адамдар бізді жылы қабылдады. Барлығымыз біріксек, елімізді мықты, бай мемлекеттердің қатарынан көреміз! Соған сенемін!


