Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саран қаласының сайлауалды штабында үгіт-насихат кампаниясының аяқталуы туралы брифинг өтті.

2021 жылы 8 қаңтарда Саран қаласының сайлауалды штабында үгіт-насихат кампаниясының аяқталуы туралы брифинг өтті. Брифингке қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар, штаб мүшелері қатысты.

Брифингті «Nur Otan» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы ашып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 8 қаңтарға дейін сайлауалды жұмыстары өз деңгейінде жүргізілгенін атап өтті, жүргізілген жұмыстардың нәтижелерімен таныстырып, кандидаттардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сайлау өткеннен кейін де «Nur Otan» партиясының басты мақсаты - ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, тұрғындардың проблемаларын шешу»,- деп атап көрсетті.

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар партияның халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шараларын жүзеге асыруға белсене атсалысатындарын мәлімдеді.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
135

Осы тақырып бойынша