Саран қаласында қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар «Есіктен есікке» акциясын жалғастыруда
Саран қаласында қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар «Есіктен есікке» акциясын жалғастыруда. Осы жұмыс 2021 жылдың 6 қаңтарында да өткізілді. Акция барысында кандидаттар Саран қаласының тұрғындарына барып, үгіт-насихат материалдарын таратты, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, тұрғындарды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
