Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Галекс+» ЖШС-не барып, кездесу өткізді.

2020 жылы 25 желтоқсанда Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы, Хисметов Евгений Елманович «Галекс+» ЖШС-не барып, кездесу өткізді. Кездесуге «Галекс+» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Қызметкерлермен әңгіме барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының Саран қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті, сондай-ақ сайлаушылардың тілектерін тыңдады.

Әңгіме барысында партияның қалалық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындықтан, шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғауға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында үгіт материалдарын тарата отырып, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Галекс+» ЖШС-не барып, кездесу өткізді. - Yvision.kz