Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат экспромт-кездесу өткізді.

2020 жылы 26 желтоқсанда Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы Саран қаласының «Спорттауарлары» дүкеніне барып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесуге осы дүкеннің қызметкерлері мен тұтынушылары қатысты.

Қызметкерлермен және келушілермен әңгіме барысында кандидаттың сенімді өкілі «Nur Otan» партиясының Саран қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті, сондай-ақ сайлаушылардың тілектерін тыңдады.

Әңгіме барысында партияның қалалық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындықтан, шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғауға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында үгіт материалдарын тарата отырып, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат экспромт-кездесу өткізді. - Yvision.kz