Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сапалы инфрақұрылым - қауіпсіз Алматы»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні жариялаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру жайында сөз қозғалған болатын. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы.

Аталмыш тақырыпты талқыға салу мақсатында «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Алматы жастарының «Көзқарас» дискуссиялық клубы аясында 2018 жылдың 12 қазан күні Жастар Лофт-орталығында «Сапалы инфрақұрылым - қауіпсіз Алматы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асып отырған жобаның кезекті отырысына Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының маманы Габдулов Руслан мен Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Мадиев Ерқанат және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Мемлекеттік Авиациялық Академиясының, Қазақ-Британ Университетінің, АЭжБУ, Қазақ Ұлттық Аграрлық университтерінің белсенді студенттері қатысты.

Студенттер тарапынан қаламызды көркейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайлы сұрақтар қойылды. Олардың айтуынша, жастар сенбіліктерді жиірек ұйымдастырып, тазалықты өзінен бастауы қажет. Габдулов Руслан Алматы қаласындағы тағы да орын алатын қолайлы өзгерістер жайында баяндады. Көше тіршілігіне жаңа дем берген жер өткелдерінің саны көбейе түседі. Арт-нысаналар қалаға жаңа леп бергені жайында қала тұрғындарынан жылы лебіздер жиі келіп түсетінін айтып өтті.

Басқарма мамандары тұрғындармен тікелей байланысқа түсудегі әлеуметтік желінің орасан зор көмегін атап өтті. Қаладағы мәселелерді шұғыл шешуге тұрғындар өздері ат салысатынын ескере өту қажет.

Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді.

Алынған ескі бағаналар бұрын ешқандай жарық көздері болмаған Алатау ауданының 15 көшесіне орнатылады. Қазірдің өзінде 195 бағана Ақсай және Өтеміс көшелеріне жеткізілді.

Жалпы жыл аяғына дейін Алматыда 24 мыңнан астам жарық көздері немесе олардың 31,5%-ы энергия жинақтаушы және жарық диодты шамдарға ауыстырылады. Тағы да 266 км жарық көзін модернизациялаудың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Бұлардан өзге, қайта жаңарған 1400 аулаларға жаңа жарық көздері орнатылған.

Тарихи маңызы бар нысандарды кешке қарай жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмысы одан әрі жалғасуда. Таяуда ғана «Қазақстан» қонақ үйі мен Орталық демалыс және мәдениет саябағының кіре берісі ерекше нұрға бөленді.

Алматыда ғимараттарды, нысандарды, ландшафтарды бірыңғай архитектуралық стильде нұрландыру аясында соңғы екі жылда 130 объект кешке қарай ерекше келбетке ие болды.

Олардың арасында Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы МАТОБ, Әуезов және Лермонтов атындағы театрлар, Қастеев атындағы және Ықылас атындағы музейлер, Орталық мешіт, Свято-Вознесенский кафедралды соборы бар. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржылар есебінен жүзеге асуда.

Айта кетерлігі, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.

Источник: https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2FZakon.kz&el=snippet

0
0
841

Осы тақырып бойынша

«Сапалы инфрақұрылым - қауіпсіз Алматы» - Yvision.kz