Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Санкцияның бізге әсері

Адамның күні адаммен деп қазақ бабаларымыз айтып кеткендей қазірде ешкім және ешқандай мемлекет өз басымен күн коре алмасы анық, өзінде жоқ затты шет елден алып қолданып және де өзінде өндіретін затты шет елдерге сатумен зат алмастырады. Екі дос ел арасында келіспеушілік болған жағдайда тікелей сол екі елдің экономикасына зияны тиеді.

Ресей мен Украина арасында осындай ахуал болады деп кім ойлаған? Әрине, біздің экономикалық одаққа оның кері салдары тиеді. Себебі, Батыс тарапы Ресейге санкция жасап жатыр. Санкцияны жеке адамдарға жасағаны бір жөн, ал қаржы жүйесіне, экономиканың кейбір секторына енгізіліп отырған шектеулер Ресейдің экономикасын төмендетеді. Олардағы зауыттардың жұмысы нашарлап, біздің тауарлар мен шикізатты алатын мүмкіншіліктері азаяды. Осы жерде біз қиыншылық көруіміз мүмкін

Ресей алып мемлекет, оның экономикасы да ауқымды, сондықтан санкция салған батыстың өзіне де оңай тиейін деп отырған жоқ. Дегенмен, мұндай мәселеде Қазақстанға мүмкіндіктер ашылатынын болжауға болады.

Мәселен, Ресей Польша мен Молдавиядан келетін жеміс-жидектерге, азық-түлікке санкция берді. Оның орнын Ресей өзіндегі өндірісті арттыру арқылы жабуға ұмтылмақшы.  Ендеше, Қазақстанға да мүмкіндік туып тұр деген сөз. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мен өңдеу аясында әбден ыңғайлы болуы мүмкін

Бұл санкция біздің бинесмендерге берілген бірден-бір мүмкіндік, өндірісті артып, экспортты көбейткісі келетіндер аз емес, жұмыс орындары да артады деген ойдамыз, біздің экономикаға пайдасы тимесе зияны жоқ бұл санкциялардың, отандастарымыз мүмкіндікті жібермесі анық.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егер елдің мүддесіне нұқсан келетін болса, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуға құқығы бар екенін айтты

"Егер келісімшартта жазылған ережелер орындалмайтын болса, Қазақстан ЕАЭО құрамынан шығуға құқылы. Мен бұрын да айтқанмын, тағы да қайталаймын. Қазақстан біздің Тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін ұйымға мүше болмайды. Тәуелсіздік - ең басты байлығымыз", - деді Президент.

Ендеше сөзді түйіндесек, бұл санкция біздің экономикамызды бір сатыға болса көтерілуге берілген мүмкіндік деп ойлаймын.

Алыстағы туысыңнан, жаныңдағы көршің жақын дегендей : «Қазақстанның болашағы жарқын. Ешбір елге біз жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы бізге жау емес. Дегенмен біз өзіміздің қауіпсіздігімізді, Қарулы Күштерімізді, ішіміз бен сыртымызды жиып, сақ отыратын болуымыз керек. Менің арманым мен ойым - Қазақстан мәңгілік болсын деймін. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны тастадым. Мәңгілік Ел болу үшін барлығын жасап жатырмыз», - деді Президент.

Жалпы, Елбасымыздың саясатымен толығымен келісемін, оның ұстанған саясаты өте мықты ақылға салынған, өзге мемлекеттер, аз уақыт ішінде таңырқай да, тамсанада қарайтын елді бой көтергізді.


 

Елбасының стратегиясымен болашаққа үлкен үмітпен қарайтын ел өсіп кележатыр, уақытша қиындықтарға мойымайтын дәрежеге жеттік деп ойлаймын, біздің үздік елдер қатарына енуге барлық жағдай жасалуда!!!

             
0
1
854

Осы тақырып бойынша

Санкцияның бізге әсері - Yvision.kz