Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саналы ұрпақ – жарқын болашақ !

2020 жылдың 8 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің қызметкерлері және студенттерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында зум қосымшасы арқалы онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге асыру мәселері талқыланды.

Бүгінгі таңда облыстың барлық жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба академиялық адалдықты қалыптастыруда орны ерекше.

Сонымен қатар, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
256

Осы тақырып бойынша

Саналы ұрпақ – жарқын болашақ ! - Yvision.kz