«Саналы ұрпақ» РЖК басшысы Қ.А.Токушев онлайн режимде Орал қаласының мектеп директорларымен кездесті
2020 жылдың 28 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушев қатысуымен «Орал қаласы мектептеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды.
Қ.А.Токушев мырза шараға қашықтықтан байланысу бейнебайланысы арқылы Алматы қаласынан тікелей қатысты.
Сонымен қатар, онлайн конференцияға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қырсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Орал қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары Б.Ш.Пайдина және 50 мектеп директорлары қатысты.
Шарада басты спикер ретінде Қ.А.Токушев болды.
Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қабылдау, өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жеке жауапкершілік мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Қ.А.Токушев мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар жоспарларын сапалы жасауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, республика бойынша мектеп директорлары арасындағы сыбайлас жемқорлықтың соңғы фактілері, сондай-ақ оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы айтты.
Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде білім беру саласындағы негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ PUBLICBUDGET.KZ сайтындағы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы туралы ақпарат жеткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бұрын PUBLICBUDGET.KZ (Ашық бюджеттердің интерактивті картасы) сайты әзірленген болатын. Бұл - ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылған бірегей жоба.
Бұл жобаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен ашықтықты және тұрғындармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету саласында Қазақстанның бренд-жобасы ретінде танылды.
«Картада нақты уақыт тәртібінде облыстың білім беру, құрылыс, әлеуметтік нысандарды жөндеу және сақтауға бөлінген бюджет қаражаттары туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді. Картаға мемлекеттік кәсіпорындар, медициналық мекемелер, білім беру нысандары, жолдар, яғни бюджет қаражаты бөлінген кез келген инфрақұрылымдық объектілер енгізілген. Кез келген адам объектіге басып, өз ескертулерін қалдыра алады».
«Мысалы, кез келген азамат жөндеу сапасына, білім сапасына немесе мектептерде ақша жинау мәселелеріне риза емес. Біздің азаматтарымызды бірлесіп жұмыс істеуге, қоғамдық бақылау жүргізуге және бұзушылықтар туралы дереу хабарлау арқылы жұмыс жасауға шақырамын», - деп атап өтті БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
