Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сан қырлы психология саласы

Адам жанын зерттеп, оны түсініп, дәрі-дәрмексіз емлеуді, жанына дауа болуды мақсат ететін маман иелері құрметке лайық. Кез-келген клиент психологтың алдына келгенде оның - "өз ісінің маманы болғанын" қалайды. Ал бүгінгі күнде психология курсынан өткен кез-келген тұлға өзіне "коучер" деген атақты иеленіп отыр. Бұл салаға қатысты бірқатар мәлелердің бетін ашуда. Сондықтан да, клиенттің сенімін ұялатып, сапалы қызмет көрсету үшін осы мамандықты ғылыми тұрғыда зерттеп, дипломы бар психолог атану маңызды болып отыр.

Бұл сала өзінше қызықты әрі теориялар мен техникаға толы. Ғасыр талабына сай мамандықтың аймағы кеңіп, өзге де салалармен сабақтаса отырып оқытылуда.

Сіз білмейтін психология ғылымының қандай салалары мен тармақтары бар?

Тиімді көмек көрсете білу үшін психологияны жік-жікке бөліп қарастыру әлдеқайда маңызды. тармақтардың ұзын сонар тізбегі классификацияланып, тізім "тәлім-тәрбие психологиясынанә басталып, "Заң психологиясы", "Еңбек психологиясы" деп жалғасып, "Спорт психологиясымен" аяқталады. Ал осы тармақтар бойынша кадрларды даярлайтын мектеп бар ма?

КАЗҰУ - психолог мамандарды даярлаудағы көшбасшы орда

Мамандықтың қызықтыратыны сон шалық, 4 жыл бакалаврды аяқтағаннан кейін, студенттердің басым бөлігі психологияны тереңнен зерттегісі келеді. "Аяқталмаған гештальт" секілді ғылым адамды өзіне шақырады. ҚазҰУ ЖОО-дан кейінгі білім беруде осы саланың өзге де тармақтарын тереңдетіп оқуға мүмкіндік бере алатын оқу орны.

Әрқайсысына ретімен тоқталсақ

Клиникалық психология

Төмендегідей нақты мамандануды қамтамасыз етеді: клиникалық психолог, денсаулық сақтау және медицина саласында клиникалық психолог, психолог-диагност және психолог-кеңесші.

Балалар психологиясы

Мамандықты аяқтаған түлектер балалар психологы, балалар клиникалық психологы, дамыту және түзету орталықтары мен қызметтердегі консультант, дағдарыс орталықтарындағы оңалту психологы болып қызмет көрсете алады.

Діннің психологиясы және әлеуметтануы

Дін нәзік сала болғандықтан, түлғаларға діни тұрғыда сауатты психологтардың көмек көрсеткені тиімді. Білім бағдарламасы психология, діньану, әлеуметтану салаларын бір арнаға тоғыстырады. Жаңартудан кейін Білім бағдарламасы сарапшылардың жоғары бағасын алды: 92,31%

Жалпы психология

Білім бағдарламасы қамтамасыз ететін мамандық түрлері:

-Психолог (психолог-практик, диагностик, консультант, психолог-сарапшы, отбасылық психолог, психолог-реабилитолог, психокорректор).

-Психологиялық пәндер оқытушысы ( Жоғары білім беру саласында, қосымша білім беру ұйымдарында; кәсіби кадрларды даярлау және қайта даярлау саласында оқытушы-тренер).

- HR (HR менеджері, HR кеңесшісі).

- Ғылыми қызметкер (психолог-зерттеуші, зерттеу жобаларының үйлестірушісі, зертхананың, орталықтың ғылыми қызметкері).

Тұлға және ұйымдастырушылық психология

психологиялық сүйемелдеу, бағалау, іріктеу, басқару, кеңес беру және әр түрлі ұйымдастыру салаларында жеке тұлғаны дамыту: бизнес, мемлекеттік құрылымдар, индустрия секторы және қызмет көрсету саласы бойынша қызмет көрсете алатын мамандарды даярлайды.

Спорт психологиясы

ҚР және РФ(УРФУ) бірлесе отырып жүзеге асырылатын бағдарлама - Спорт және туризм саласында психологиялық сүйемелдеу, психологиялық көмек және психологиялық кеңес беру бойынша кадрларды дайындай алады.

Экстремалды және төтенше жағдайлар психологиясы

2019 жылы әзірленген, мазмұны мен көлемі бойынша бейінді магистратура бағдарламасы QS агенттігінің рейтингі бойынша топ 200-ге кіретін Еуропа мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының үздік бағдарламалары мен трендтеріне сәйкес келеді.

Денсаулық сақтаудағы психология

Елімізде белең алған COVID-19 пандемиясына байланысты тілектер жоғары сұранысқа ие. Мамандықты игерген түлектер кәсіби даярлықты үздіксіз жалғастыра алады және психологиялық кеңес беру, психологиялық қолдау, медициналық-психологиялық сараптама сияқты кәсіби салаларда мансап құра алады.

ҚазҰУ психология бөлімін аяқтаған түлектер өз саласындағы жетекші мамандар болып табылады және Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де - Ресейде, Австрияда, Англияда және АҚШ-та табысты еңбек етуде.

2
0
215

Осы тақырып бойынша

Сан қырлы психология саласы - Yvision.kz