«Самара-Шымкент» республикалық трассасындағы рейдтік шара
2017 жылдың 7 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында «Самара-Шымкент» республикалық трассасында рейдтік шара өткізілді.
Шараға Департаменттің өкілдері, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы, «НұрОтан» БҚОФ және «ҚазАТО» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.
Шара шеңберінде мобильді топ мүшелері көлік жүргізушілеріне жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратты.
