Салтанатты түрде Партияға қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты түрде партияға қабылдау рәсімі өтті.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиалының мәжіліс залында Тұңғыш Президент күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті.
Жиынды Қарақия аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көшенов басқарды.
"Nur Otan" партиясы қоғамдық кеңес мүшесі Избергенов Курентай партияға қабылданушыларға партиялық билетін табыстап, алдағы атқарылатын шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Партия ардагері Бегниязов Ержан партия қатарына қабылданған азаматтарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
