Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Жанна Оразбақова Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.

Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің өкілдері растады.
«Астана қалалық полиция департаменті С.Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады», – деді олар.
Ал адвокат іс материалдарымен танысу барысында жаға ұстатарлық деректерге тап келгенін айтып отыр.
«Мұндай іс бойынша менің тәжірибем мол. Кісі өліміне қатысты істермен бұрын да айналысқанмын. Бірақ сарапшылардың қорытындысы менің өзіме жаға ұстатып отыр. Дәл мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты ешқашан көрген емеспін. Салтанаттың туыстарына деген құрметімізге орай бұл өлімнің мән-жайын ашып айта алмаймыз», – деп жазды Жанна Оразбақова.
Айта кетейік, өткен жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны туралы айтылды. Соның алдында аяусыз Астанадағы бір мейрамханада ұрып-соғу салдарынан әйел қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Артынан марқұмның Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова екені мәлім болды. Экс-министр адам өлтірді деген күдікппен ұсталып, қамауға алынды.
