"Салауатты өмір салты" атты ZOOM платформасы арқылы жиын өтті
Жиынға ресурстық орталықтың жетекшісі - Айжан Балажанова, "Ұлттық Республикалық кионкушинкай-кан каратэ федерациясы" ҚБ Алматы облыстық филиалының басшысы - Бекжан Сүнбеков және ауданымыздың белсенді жастары қатысты. Салауатты өмір салты - дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Біз денсаулығымызды мәңгілік өмір сүретіндей етіп күтуіміз керек. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев "Еліміздің әрбір азаматының денсаулығы - бұл республикамыздың жетістігі" деген.
