Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Салауатты өмір салты»

Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы университет жастарымен «Салауатты өмір салты» атты тақырыпта ортамыздың «Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпенен айналысып жүруі», ел намысын қоғап жүргендігі туралы іс-шарасын өткізді. Іс-шарада С.А.Мәжінбеков салауатты өмір салты ұстанып жүретін оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен үнемі айналысып, ел намысын қорғам жүретіндігі туралы жастарға біраз ой түйгізді. Жалпы адам баласы дүние есігін ашқасын, қоғамның толыққанды мүшесі болады. Он екі мүшесі сау адамзат, айнала ортаға пайдасын тигізіп, мемлекеттің өрекендеуіне өз үлесін қосады. Ал, бүгінгі біз сөз еткелі отырған жандар ше? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы ролі қандай? Мүмкіндігі шектеулі адамды көрген кезде іштей жанашырлық танытып қана қоятынымыз бар. Олардың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде көптеген игілікті іс атқарып жатқанын біле бермейміз. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың еңбегі ерен. Бүгінде мемлекетіміздегі мүгедек жандарға үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл спортшылар жанашырлыққа зәру емес, керісінші ел намысын қорғап жүрген жігерлі жандар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үш топқа бөлінеді. Әрқайсысы өздерінің шамасы келетін спорт түрін таңдап, жаттығады. Тірек-қимыл қозғалысы зақымданған, көру мүшесі және есту мүмкіндігінен айырылған спортшылар болып бөлінеді. Шұғылданатын спорт түрі де негізгі үш категорияға бөлінеді. Спорттың паралимпиадалық түріне жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, нысана көздеу, пауэрлифтинг, шаңғымен жарыс, арбамен билеу, отырып ойнайтын волейбол, волейбол, садақ ату, жағажай волейболы жатса, сурдлимпиадалық түріне футбол, шағын футбол енгізілген. Ал, паралимпиадалық емес спорт түрлеріне тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы «64» және дойбы «100» сайыстары жатады. Сондықтан орамыздағы жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым жанашыр болып қана қоймай,олар еліміздің намысын, көк туын биікке көтеріп жүргендігінда, құрметтеп жүруіміз керектігін жастарға айтып өтті.

0
0
157

Осы тақырып бойынша

«Салауатты өмір салты» - Yvision.kz