«Саламатты ұрпақ» жастар аарсындағы волейболдан жарыс
2015 жылдың 13 ақпан күні Талдықорған қаласы, медицина колледжінде «Нұр Отан» партиясының «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ кубогіне облыстық волейболдан жарыс өткізілді. Іс-шара «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Жарыста облысымыздың аудан, қалаларының үздік деген командалары бақтарын сынады. Ақтық сыңға дейін ерекше ойындарымен көзге түскен Алакөл ауданы көрермендердің көзайымына айналып, жүлделі III орынды қанағат тұтты. ІІ орынға Көксу ауданының командасы тұрақтады, жүлделі І орынға ие болған Талдықорған командасы болды.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
