Құсаинов Қайсар Саинұлы #БҚОатақтыспортшылары
Құсаинов Қайсар Саинұлы 1974 жылы 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында дүниеге келген.
1981-1991 жылы Лубен орта жалпы білім беретін мектебі оқып.
1987 жылдан бастап Самбо күресіне (жаттықтырушы Б.Бекмуратов) қатысады.
Оқушылар арасында бірнеше дүркін облыс чемпионы. Республика турнирлерінің жүлдегері. КСРО Спорт шеберіне үміткер.
1992-1994 жылдары
ҚР ҰҚК шегара әскерінде отан алнындағы борышын өтейді.
Әскерде жүріп сол әскери бөлімнің самбошыларын жинап құрама команданы дайындап самбо,қоян-қолтық жекпе-жектен
ҚР шегарашылар біріншілігінде,командалық есеп бірінші орынға ие болпды.
1994-1998 жылдары – Лубен «Совхозында» әр салада жұмыс атқарады, ауыл шаруашылығы.
1998 жылы Лубен жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан қоғамдық негізде «Қайсар» атты спорт клуб ұйымдастырады. «Самбо», «Дзюдо», «қазақ күресінен» оқушылар арасында.
Қайсар Саинұлы Құсаинов Шыңғырлау аудандық «Балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде» 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол А.Тихоненко атындағы Лубен орта жалпы білім беретін мектебінде оқып жүрген кезінен ақ спорттық, жақсы нәтижелер көрсете бастады. Бірнеше рет облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, жүлдегер атанды. Мектеп қабырғасында басталған спортқа деген құштарлық оны бапкерлік жұмысқа алып келді. Өзі айналысқан, жете білетін самбо, дзюдо, қазақ күресі бойынша шәкірттер тәрбиелеу жұмысын Лубен селосында өзі қоғамдық негізде құрған «Қайсар» спорт клубында бастады. Спорт пен еңбекті ұштастыра жүріп 2006 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. Қайсар Саинұлы өз ісінің білгірі, шебер ұйымдастырушы, талапты бапкер ретінде өзін үнемі көрсетіп келеді. Өз білгенін шәкірттеріне түсіндіруде әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, балаларды елжандылық рухта тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Оның әрбір жаттығулары қызықты, тартымды өтеді.
Шәкіртері:
Тілемгенова Әйгерім самбо және қазақ күресінен
ҚР спорт шебері.
Жолдығалиев Отан дзюдо күресінен ҚР спорт шебері.
Қ. Құсаинов шеберлер арасындағы самбодан
ҚР 5-дүркін чемпионы.
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының
Алау Эстафетасының алаугері.
2014 жылы Греция елі, Нео-Мудания- Халкидики қаласында өткен спорт шеберлері арасында самбо күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2015 жылы Израиль( Ашдод) қаласында самбо күресінен шеберлер арасында 40-44 жас ерекшелігінде 68 салмақ дәрежесінде
Әлем чемпионы.
2016 ж. Хорватия елі,Пореч қаласы.Самбодан шеберлер арасында әлем чемрионаты40-44 жас ерекшелігі
74 келі салмақ дәрежесі,
күміс жүлдегер.
Еңбегі елеусіз қалмай, облыстық спорт басқармасының, Ақтөбе облыстық «Қайрат» қоғамдық спорт бірлестігінің алғыс хатымен және Шыңғырлау аудан әкімі алғыс хатымен марапатталды,
«Батыр шапағаты» медалінің иегері.
Құсайынов Қайсар Саинұлы самбодан жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы.
Қ Р ұлттық дәрежедегі төреші.
.Үйленген. Алдияр есімді ұл Әйгерім есімді қыз тәрбиелеуде.
#знаменитыеспортсменыЗКО #БҚОатақтыспортшылары
