Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы ұсынылды.
Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы ұсынылды ⠀ Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалының фракция отырысында мегаполистің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы ұсынылды. ⠀ Жол картасының жобасы депутаттық фракция мүшелерімен бірауыздан келісілді. ⠀ Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев @sagintayev.b фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтті. ⠀ Алматының жол картасы мегаполисті дамытудың он екі драйверіне негізделген 180 тармақтан тұрады. Жобада Жол картасын жүзеге асырудың әр жылға бағытталған нақты көрсеткіштері, сондай-ақ жауапты депутаттар мен мемлекеттік органдар бекітілген. ⠀ «Аталған бағдарламаны жасай отырып, біз қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескердік, ол «Еңбек», «Бизнестің жол картасы–2025», «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Іскер ана» мемлекеттік бағдарламаларымен тығыз байланысты. Мысалы, Алматыда 5 жыл ішінде 15 мемлекеттік мектеп пен 25 жапсарлас құрылыс, сондай-ақ 15 мемлекеттік және 324 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі салынады. Бұл балалардың 99%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік беріп, оқушы орындарының тапшылығын айтарлықтай төмендетеді», - деді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары @meirzhan_otynshiyev @nur_otan_almaty ⠀ #NurOtan #Almaty




